$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Хромтауда мас мотоцикл жүргізушісі 5 жылға сотталуы мүмкін

Ол енді өмір бойына көлік жүргізе алмауы мүмкін

Хромтауда мас мотоцикл жүргізушісі 5 жылға сотталуы мүмкін
Фото: freepik.com

Хромтау қаласында патрульдеу кезінде учаскелік инспектор мас күйінде мотоцикл жүргізген адамды тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мотоцикл жүргізушісі не үшін ұсталды?

«Тексеру нәтижесінде мотокөлік тіркелмегені анықталды, ал 45 жастағы жүргізуші алкогольдік мас күйде болған. Бұл жағдай сараптама қорытындысымен расталды. Сонымен қатар, өткен жылдың соңында бұл азамат осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды», – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқықбұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал көлігі арнайы айыптұраққа қойылды.

Жүргізушіге қандай жаза қолданылуы мүмкін?

Полицияның мәліметінше, бұл құқықбұзушылық үшін ер адамға өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айыру және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары