Ол Қостанай облысында ұрлық бойынша сотталып, жазасын өтеп жүрген
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында алғашқы азамат бостандыққа шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпаратқа сәйкес, бостандыққа шыққан азамат Қостанай облысында ұрлық бойынша сотталып, жазасын өтеп жүрген. Енді оны үйінде жұбайы мен үш баласы күтіп отыр.
ҚАЖ комитеті бұл оқиғаның адам өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіретінін атап өтті:
«Бұл оқиға – олардың өміріндегі маңызды кезең. Ол толыққанды қоғам өміріне қайта оралуына және бәрін жаңадан бастауына мүмкіндік береді», – делінген комитет хабарламасында.
Еске салайық, Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылық шамамен 15 мың адамды қамтитыны хабарланған.