$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда мектеп түлектері кортеж ұйымдастырып, айыппұл арқалады

Олар жол қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген

Таразда мектеп түлектері кортеж ұйымдастырып, айыппұл арқалады

Тараз қаласының полиция қызметкерлері қала аумағын патрульдеу кезінде бірнеше мектептің бітіруші түлектері оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырған көлік кортежін анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол ережесін өрескел бұзған түлектерге 19 хаттама толтырылды

Түлектердің іс-әрекеті жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу және қоғамдық тәртіпті сақтамау ретінде тіркелді.

Олар жол қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген. Нәтижесінде, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше баптары бойынша барлығы 19 әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция бақылауды күшейтті

«Біз мектеп бітіру кештерінен кейін осындай оқиғалар болуы мүмкін екенін алдын ала болжадық. Сондықтан патрульдеу күшейтіліп, автопатрульдер саны артты. Азаматтардың қауіпсіздігі – басты міндет», – деді Тараз қалалық патрульдік полиция батальонының командирі Руслан Оразбақов.

Түлектер мен ата-аналарға ескерту жасалды

Жамбыл облыстық Полиция департаменті түлектерді, олардың ата-аналарын, жалпы азаматтарды мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік пен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары