02.07.2025, 09:28
Жаңалықтар
«Қазгидромет» үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Azattyq Rýhy
Еліміздің үш қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы күшейеді. Осыған байланысты «Қазгидромет» ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауа ластануының себебі – қолайсыз метеожағдайлар
Синоптиктердің мәліметінше, бұл құбылыс бірнеше ауа райы факторының тоғысуымен байланысты. Атап айтқанда, зиянды қосындылар жер бетіндегі ауа қабатында жиналып, таралмайды.
«2025 жылғы 2 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Алматы қалаларында және түнгі уақытта Астана қаласында күтіледі», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Қолайсыз метеожағдай деген не?
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфералық құбылыстардың жиынтығы, олардың әсерінен ауадағы ластаушы заттар таралмай, қоршаған ортада жиналып қалады.
ҚМЖ туындауына себеп болатын факторлар:
-
Тымық ауа райы;
- Баяу жел;
- Тұман;
- Температуралық инверсия (жоғары қабаттардағы ауа жылырақ болуы)
ҚМЖ неліктен қауіпті?
Мұндай жағдайлар:
- Ауаның сапасын уақытша нашарлатады;
- Ластану деңгейін арттырады;
- Өнеркәсіп орындары немесе көлік тығыз орналасқан аудандарда қауіп төндіреді;
- Денсаулығы осал адамдарға (балалар, қарттар, тыныс алу аурулары бар азаматтар) ерекше зиян.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті