Төреғали Төрәлі өнерден кетті: әншінің көмекшісі журналистердің сұрағына жауап берді
Әншінің көмекшісі әзірге еш ақпарат бере алмайтынын мәлімдеді

Сахнадан кеттім деп жұртты алаңдатып қойған әнші Төреғали Төреәлінің көмекшісі журналистердің сұрағына мардымды жауап бермеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.
Әншінің көмекшісі әзірге еш ақпарат бере алмайтынын мәлімдеді.
«Барлығын көп ұзамай Төреғалидің өзі түсіндіреді», - деп әңгімені қысқа қайырды.
Еске сала кетейік, Әнші Төреғали Төрәлі инстаграм парақшасына «бәрін тоқтаттым» деп жазба қалдырды, содан кейін тағы бір пост салып, жұртты алаңдатып қойды. Өлең шумақтарымен әнші ойын астарлап жеткізгісі келгенімен, тыңдармандар оны түсінбей әлек. Арасында «Музыкасыз күн, дауыссыз таң» деген сөздері бар.
Сондай-ақ "Ұлы дала баласы" парақшасындағы басты суретін қара түске өзгерткен әрі оқырмандары пікір қалдыратын фукцияны қолжетімсіз етіпті.
Әнші наурыз айында еліміздің төрт қаласында концерт беруге тиіс еді. Бірақ денсаулығына байланысты оны кейінге шегерген.