$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бұршақ, жаңбыр жауады: Қазақстанның қай өңірлерінде дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» сәрсенбі, 2 шілдеге жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Бұршақ, жаңбыр жауады: Қазақстанның қай өңірлерінде дабылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр, бұршақ жауып, жел соғады, найзағай ойнайды, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Петропавлда тұман түседі.

Таразда аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды ​​облысында найзағай ойнап, төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, тұман түсіп, жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында найзағай ойнап, 35 градусқа дейін ыстық болады және өрт қаупі бар.

Қызылорда, Жетісу, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 35-41 градусқа дейін аптап ыстық болады және төтенше өрт қаупі сақталады.

Семей қаласында, Жамбыл, Ақтөбе, Абай облыстарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жезқазған, Алматы, Қонаев қалаларында, Алматы, Ұлытау облыстарында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Серіктес жаңалықтары