01.07.2025, 14:31
Жаңалықтар
Арменияда іздеуде жүрген шетелдік азамат Астанада ұсталды
«Стоп қылмыс» жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер күдіктіні қолға түсірді
Фото: polisia.kz
Астанада өткен «Стоп қылмыс» жедел-алдын алу шарасы барысында полицейлер 43 жастағы шетел азаматын ұстады. Ол халықаралық іздеуде жүрген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Құжатсыз көлік жүргізгені үшін іздеуге берілген
Күдікті тұлғасын анықтау және тексеру үшін полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру нәтижесінде оның 2023 жылдың мамыр айынан бастап халықаралық іздеуде екені белгілі болды.
Оған тағылған айып – көлік құралын құжатсыз және жүргізу құқығынсыз басқару.
Іздеуді Армения құқық қорғау органдары жариялаған
Аталған күдіктіге қатысты іздеуді бастаған – Армения Республикасының құқық қорғау органдары. Оларға Қазақстан тарапынан тиісті түрде ресми хабарлама жолданды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті