$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.06.2020, 23:27
Жаңалықтар

Жамбыл облысында карантин режимі күшейтілді

Күшейту шаралары 14 маусымнан басталады

Жамбыл облысында карантин режимі күшейтілді
Фото: ашық дереккөзден

14 маусымнан бастап Жамбыл облысында карантин шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz Telegram-каналына сілтеме жасап. 

«14 маусымнан бастап облыстың елдімекендері ішінде және елдімекендер арасында сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында халықтың жүріп-тұруы шектеледі. Сонымен қатар Тараз қаласында қоғамдық көлік сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін қатынайтын болады. Қоғамдық көлікке тек жеке қорғау құралдарымен кіруге рұқсат - әлеуметтік арақашықтықты және маска режимін сақтай отырып, саябақтарға, алаңдарға және скверлерге сағат 06.00-22.00 аралығында баруға рұқсат», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ базарлар - азық-түлік емес дүкендер 8:00-ден 16:00-ге дейін, сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, азық-түлік өнімдерін, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сату орындары 8:00-ден 18:00-ге дейін, азық-түлік супермаркеттер және дүкендер 8:00-ден 22:00-ге дейін, Халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. 

«Аумағы 2000 ш. м. асатын сауда орталықтары - түнгі клуб, дискотека, қоғамдық монша, сауна, бассейндер, сауда, ойын-сауық орталықтарындағы балалардың ойын алаңдары, ойын-сауық орталықтары, фудкорттар, кинотеатрларс компьютерлік және ойын клубтары, балаларға арналған сауықтыру лагерлері, діни ұйымдардың жұмысына тыйым салынады», - деп жазылған ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары