30.06.2025, 17:52
Жаңалықтар
Қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Күштібаевтың әйелі де істі болды
Қылмыстық іс тергеліп жатыр
Фото: facebook.com/Марат Күштібаев
Бұрынғы Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаров 11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысының әйелі де тергеліп жатқанын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Күштібаевтың жұбайына қатысты зорлау туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленушіге жалған айғақ беру, пара беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат жария етуге жатпайды», - дейді Бегайдаров.
Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында Талдықорған қалалық соты полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырған. Ол 27 жастағы қызды зорлағаны үшін айыпталған.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды
17.05.2026, 10:33
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды