$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Кейде оларды 7 айға дейін күтеміз»: Қошанов Үкіметтің жұмысын сынға алды

Бұл – президент тапсырмасының орындалуын кідіртетін фактор

«Кейде оларды 7 айға дейін күтеміз»: Қошанов Үкіметтің жұмысын сынға алды
Фото Ж.Жұмабеков, Т.Таныбаев

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сегізінші шақырылымның үшінші сессиясында депутаттардың Үкіметпен қарым-қатынасында қандай кемшіліктер кездескенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Енді Үкіметпен өзара іс-әрекет кезінде жыл сайын қайталап айтуға тура келетін түйткілді мәселелерге тоқталып өтейін. Заңға сәйкес, қосымша қаржыны талап ететін ұсыныстар мен түзетулер Үкіметтің қорытындысын қажет етеді. Өкінішке қарай, біз заң жобаларын қарау барысында үнемі Үкіметтің қорытындыларын ұзақ күтуге мәжбүрміз. Кейде оларды 7 айға дейін күтеміз», - дейді Қошанов.

Оның айтуынша, бұл мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуын, халық күтіп отырған маңызды заңдардың уақытылы қабылдануын кешеуілдетеді.

«Сондай-ақ, қорытындыда депутаттардың бастамаларына қатысты Үкіметтің ұстанымы нақты болмайтын кездері де аз емес. Мәселен, депутаттар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң жобасымен жұмыс барысында Жер кодексінің бір бабына екі түрлі көзқарасты қамтитын түзетулер дайындады. Берген қорытындысында Үкімет ұсынылған екі нұсқаны да қолдады. Бұл – бір ғана мысал», - деді Мәжіліс төрағасы.

Мәжіліс спикері кейбір мемлекеттік органдардың әрекеттері де жүйелі жұмысты қажет екенін атап өтті.

«Мәселен, Үкімет бір палатадағы депутаттардың түзетулерін қолдамайды. Алайда дәл сол түзетулерді басқа палатада талқылау кезінде кенеттен олармен келісе кетеді. Яғни, мемлекеттік органдар қорытынды жобасын әзірлеуге атүсті қарайтыны байқалады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары