$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе-Астана бағыты бойынша қосымша пойыз іске қосылады

Қосымша пойыз 2025 жылғы 4 шілде мен 2 қыркүйек аралығында қатынайды

Ақтөбе-Астана бағыты бойынша қосымша пойыз іске қосылады
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаз мезгілінде жолаушылар ағынының артуына байланысты Актөбе – Астана (Нұрлы жол) бағыты бойынша №257/258 қосымша пойызын іске қосады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім батыс пен солтүстік өңірлер арасындағы көліктік қолжетімділікті арттыру мақсатында қабылданды.

Пойыз қашан жүреді?

Қосымша пойыз 2025 жылғы 4 шілде мен 2 қыркүйек аралығында келесі кесте бойынша қатынайды:

Актөбеден жөнелту:

  • Шілде: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28;
  • Тамыз: 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30.

Астанаға (Нұрлы жол) келу:

  • Шілде: 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29;
  • Тамыз: 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31.

Астанадан кері жөнелту:

  • Шілде: 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30;
  • Тамыз: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28;
  • Қыркүйек: 1.

Актөбеге келу:

  • Шілде: 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31;
  • Тамыз: 2, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29;
  • Қыркүйек: 2.

Пойызда не бар?

Пойыз 12 вагоннан тұрады:

  • 6 купе вагоны;

  • 6 плацкарт вагоны.

Барлық вагон кондиционерлермен жабдықталған, алыс қашықтыққа сапар шегу үшін ыңғайлы жағдайлар жасалған. Пойыз бір бағытта 500-ден астам жолаушыны тасымалдай алады.

Билет қайдан сатып алуға болады?

Билеттерді келесі жолдармен сатып алуға болады:

  • Онлайн: bilet.railways.kz;
  • Теміржол вокзалдарының кассаларында.

Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады.

Серіктес жаңалықтары