29.06.2025, 07:20
Жаңалықтар
Жетісу облысында екі полиция қызметкері қаза тапты
Олар қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатына ұшырады
Фото: instagram.com/sadenov_online
Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 28 маусымда жол апатынан қаза тапқан Жетісу облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rıhy.
Қайғылы жағдай туралы ішкі істер министрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан қаза тапқан Жетісу облысы полиция департаменті қызметкерлері - полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады», - деп жазылған хабарламада.
Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасына қажетті көмекті көрсетеді.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады