Сәкен Майғазиевтің анасына бейтаныс әйел сыйлық беріп жіберді (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін
Фото: видеодан скриншот

Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің анасына бейтаныс әйел сыйлық беріп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әртіс тойда болған кездейсоқ жағдайдың видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Даладай дархан пейілдеріңізден айналып қана кетейін! Тойда кездейсоқ кездескен бейтаныс апайымыз: «сені анаңды аялаған ақ жүрегің үшін жақсы көреміз», - деп, анама күміс білезік беріп жіберді. Осындай әппақ ниетіңізге Алла тағала үйіп-төгіп бере берсін», - деп жазды Майғазиев Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушылары да бейтаныс жанның ақ ниетіне ризашылығын білдіріп жатыр.

«Өмірде жақсы адамдар көп қой! Керемет. Анаңыздың ақ батасымен өсіп-өркендей беріңіз қазақтың ақ Сәкені! Сәкен мырзаны бұрын жеңіл мінезді азамат деп ойлайтынмын. Қазағыма үлгі болар нағыз азамат екен, қазір көзім жетті», - деп атап өтті олар.

Бұған дейін Сәкен Майғазиев баласының тойындағы тосынсыйдың видеосын көрсеткен болатын. Оған қазақ эстрадасының жұлдыздары музыкалық тосынсый жасаған. Ернар Айдар, Серік Ибрагимов, Ғазизхан Шекербеков және Әбдіжаппар Әлқожа Сәкеннің «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» әнін бірге орындап шықты. «Менің алтын бауырларымның сазды тосынсыйы ұнады ма?», - деп сұрады өнерпаз.