Сәкен Майғазиев баласының тойындағы тосынсыйдың видеосын көрсетті
Жақында әнші ұлын үйлендіріп, Алматыда дүркіретіп той жасаған болатын

Әнші Сәкен Майғазиев баласының тойында қазақ эстрадасының жұлдыздары музыкалық тосынсый жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ернар Айдар, Серік Ибрагимов, Ғазизхан Шекербеков және Әбдіжаппар Әлқожа Сәкеннің «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» әнін бірге орындап шықты.
Әншінің айтуынша бұл тосынсый болған.
«Менің алтын бауырларымның сазды тосынсыйы ұнады ма?», - деп жазды Сәкен Майғазиев.
Еске сала кетейік, жақында Сәкен Майғазиев ұлын үйлендіріп, Алматыда дүркіретіп той жасады. Ұлының үйлену тойын онлайн көрсетемін деп басы дауға қалған әнші бұл идеяны досы Мейрамбек Бесбаев айтқанын мәлімдеді.
«Бұл Мейрамбектің бүкіл қазақ халқына жасаған сыйлығы деуге де болатын шығар. Өйткені үйде отырған, декретте отырған, төсек тартып жатқандар көреді», - деп атап өтті Майғазиев.
Ал әншінің ұлы Әділет пен келіні Әдия журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында бір-бірін алғаш қашан көргенін, танысқан сәтін әңгімелеп берді. Олар бір жыл бұрын Ақтау қаласында танысқан.