«29 адам зардап шекті»: Павлодарда жаппай улануға байланысты қылмыстық іс қозғалды
Банкет залындағы оқиғадан кейін тергеу басталды

Павлодардағы мейрамханалардың бірінде жаппай улану фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Павлодар.News» сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысының прокуратурасы хабарлағандай, қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі бойынша (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу, абайсызда жаппай улануға, ауруға әкеліп соғу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық жауапкершілік қандай?
Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған тұлға:
- 2000 АЕК-ке дейінгі айыппұл
- 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту
- Бостандығын 2 жылға дейін шектеу немесе айыру сынды жазаларға тартылады.
Сараптама қорытындысы: сальмонелла мен ішек таяқшасы анықталды
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандары дайын тағам, шикізат пен ас үй құралдарынан:
- Сальмонелла
- стафилококк
- Ішек таяқшасы (E.coli) тәрізді қауіпті микробтарды тапты.
29 адам зардап шекті
Оқиға 9 маусым күні болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Г. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне:
- 29 адам медициналық көмекке жүгінді
- Оның ішінде 15-і ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем қабылдауда
Ауруханаға түскендердің жағдайы:
- Орташа ауыр деңгейде
- Науқастарда: интоксикация, диарея, жоғары температура (гипертермиялық синдром)байқалған
- Жүкті әйел мен бір бала да бар.
Медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмыс істеген
Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай:
- Залал ошағы болған банкет залында 7 қызметкер медициналық тексеруден өтпеген
- Олар жұмыстан уақытша шеттетілді.