Заңсыз құмар ойындармен күрес: жыл басынан бері 47 жасырын мекеме жабылды
11 000-нан астам онлайн-казино мен заңсыз ойын сайты бұғатталды

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз құмар ойын бизнесіне қарсы жүйелі күресті жалғастырып келеді. Бұл жұмыс азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік салдардың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нақты нәтиже: 2025 жылдың басынан бері
-
47 заңсыз құмар ойын мекемесі жабылды;
- 200-ден астам ойын автоматы тәркіленді;
- 11 000-нан астам онлайн-казино мен заңсыз ойын сайттары бұғатталды.
Лудомания – тек қаржылық мәселе емес
Мамандар атап өткендей, лудомания (ойынқұмарлық) адамды қаржылық қиындықтарға әкеліп соқтырады, отбасылық кикілжіңдер, жұмыстан айырылу, қылмыстық әрекеттерге бару секілді әлеуметтік салдарларға әкеп соғуы мүмкін
Құмар ойынға тарту – қылмыс
«Ойнайтын немесе басқаларды тартатын әр адам – бұл заңсыз бизнестің бір бөлшегі», – деп ескертеді агенттік.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, заңсыз ойын ұйымдастыру, оған қатысу немесе оны насихаттау үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Үнсіз қалмаңыз – қауіпсіздік сізден басталады
Қаржылық мониторинг агенттігі қоғамды сергек болуға, көрсетілген құқықбұзушылық фактілері туралы хабарлауға шақырады.