$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымы екі ғылыми дәрежесінен айырылды

Оның ғылыми дәрежелерінің заңдылығы тексеріліп жатыр

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымы екі ғылыми дәрежесінен айырылды
Фото: © Yonhap

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы Ким Гон Хи ғылыми дәрежелерінен айырылып жатыр. Елдегі беделді Сунмён әйелдер университеті үш жарым жылға созылған даудан кейін Ким Гон Хи алған магистрлік дипломының күшін жойды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

YTN жергілікті басылымы хабарлағандай, Ким Гон Хи магистр дәрежесінен айырылған соң, енді Кунмин университеті оның докторлық дәрежесін де қайтаруға ниетті. Университет өкілдері бұл шешімді магистр дәрежесінің жойылуымен байланыстырып отыр.

«Ким Гон Хидің магистр дәрежесінің күшін жою фактісін ескере отырып, біз оның технологиялық дизайн мектебіндегі докторлық бағдарламаға қабылдануға құқығы бар ма, сондай-ақ оған берілген докторлық дәреже заңды ма деген сұрақтарды тексеріп жатырмыз», – делінген университет өкілінің мәлімдемесінде.

Корея Республикасының жоғары білім беру туралы заңына сәйкес, докторлық бағдарламаға қабылдану үшін талапкерде жарамды магистр дәрежесі болуы қажет. Осыған байланысты Сунмён университетінің шешімі Ким Гон Хиге берілген докторлық дәреженің күшін жоюға негіз болмақ.

 

Серіктес жаңалықтары