Алматыда коронавирусқа скрининг жүргізетін жетінші зертхана ашылды
Зертханада әлеуметтік осал топтарға скрининг тегін жүргізіледі
Алматыда COVID-19 скрининг жүргізу үшін жетінші зертхана ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Атакент» ҚІҚО аумағында коронавирусты жедел әрі нақтылы анықтайтын модульды зертхана кешенінің ашылуына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Болат Өтемұратовтың қоры қалаға тегін берген зертханада жұмыссыздарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мүшелеріне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, стационарға жоспарлы түрлі жатқызылған науқастарға, тыныс алу органдары, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бұрыннан бар әрі бақылауға алынған 50 жастан жоғары науқастарға скрининг тегін жүргізіледі.
Сонымен қатар, мұнда эпидемияға қарсы шараларды тексеруге қатысқан әкімдік қызметкерлері, волонтерлар, белсенділер, патруль қызметкерлері, қарттар үйлерінде, интернаттарда және басқа да арнайы мекемелерде тұратындар, мектеп жасына дейінгі мекемелер қызметкерлері тексеруден өтеді.
«Кешенді жұмыс коронавирусты жаппай жұқтыруға тосқауыл болып, оның өршіп кетпеуіне және эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Зертхана ПТР сараптамасының барлық циклын жүргізу құралдармен толық жабдықталған. Жалпы кешенде жоғары технологиялық және биологиялық материалды алатын, сақтайтын әрі белгілейтін, ПТР әдісі бойынша зерттеу жүргізетін жоғары технологиялы 42 құрал-жабдық орнатылған.
Зертхананың қуаты өте жоғары, мұнда 5000 дейін басымдық беретін күніне 1000 сараптама жасалады. Қор зертхананы жедел түрде 30 мың тест жүргізу үшін қажетті реагент құралдармен толық қамтыған. Мұнда жұмыс істеуге Ұлттық сараптама орталығының 16 зерттеушісі тартылған, олар сегіз адамнан бөлініп, екі ауысымда жұмыс жасайтын болады.
Жаңа зертхана саны бойынша –жетінші. Бұған дейін Алматыда алты зертхана жұмыс жасады, олар: ҰСО, ОРЗ, НПЦСЭЭиМ, MPKQ, ҚалалықСПИД, «Олимп» КДЛ. Сонымен қатар, екі жылжымалы қабылдау пункті ашылған.