25.06.2025, 18:00
Жаңалықтар
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны өсіру үшін бюджеттен 800 млрд теңге алынады
Оған себеп - қосымша құн салығының 12 пайыздан 16 пайызға дейін өсуі болып отыр
Фото: istockphoto.com
2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыларға арналған индексация мөлшері бұрынғы жылдарға қарағанда жоғары болады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл өзгеріс қосылған құн салығының (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға дейін ұлғаюына байланысты еніп отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Ержан Биржанов хабарлады.
Оның айтуынша, әлеуметтік төлемдердің өсуі инфляциялық әсерді жұмсартуға бағытталған.
«ҚҚС өсуін ескере отырып, индексация біршама жоғары болады», – деді Ержан Биржанов.
Мемлекет бұл мақсатқа бюджеттен 800 миллиард теңге қарастырмақ.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
