25.06.2025, 06:37
Жаңалықтар
Соңғы екі айда 131 рет жол ережесін бұзған: Ақтөбеде жүргізуші 3,5 млн теңге айыппұл арқалады
Оның көлігі қазір айып тұрағына қойылды
Ақтөбеде жол қозғалысы ережелерін үнемі бұзып, айналасындағылардың өміріне қауіп төндірген жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
131 рет жол ережесін бұзған
Патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік нөмір таққан Toyota автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізуші соңғы екі айдың ішінде 131 рет жол ережесін бұзғаны анықталған.
Жол қозғалысына қауіп төндірген әрекеттер
Жүргізушінің жасаған заңбұзушылықтарының қатарына:
- Жылдамдықты асырған;
- Қауіпті маневрлер жасаған;
- Қызыл шамға өткен:
Автокөлік айыптұраққа қойылды
Аталған көлік айыптұраққа қойылды. Қазіргі таңда жүргізушінің құқық бұзушылықтары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
3,5 миллион теңге айыппұл
Жүргізушіге салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 3,5 миллион теңге. Енді ол бұл соманы толық өтеуі тиіс.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады