24.06.2025, 06:47
Жаңалықтар
Алматыда үш жасар бүлдіршін 9-қабаттан құлап кетті
Қайғылы оқиғаны Полиция департаменті растады
Фото: istockphoto.com
Алматыда үш жасар бүлдіршін 9-қабаттың балконынан бала құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Полиция қайғылы оқиғаны растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы хабар Kris_p_astana Telegram-арнасында жарияланған. Жедел жәрдем тобы оқиға орнына дереу жеткенімен, дәрігерлер баланы аман алып қала алмады.
Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың болғанын растады.
«Үш жасар баланың өліміне байланысты тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын Алатау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге шақырды:
- терезелерге қорғаныс бекіткіштерін орнату;
- балаларды қараусыз қалдырмау;
- әсіресе қауіпті аймақтарға жақын жерде абай болу қажеттігін ескертті.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
19.08.2026, 11:54
ШҚО-да экс-сүйіктісін үш ай бойы аңдып, күні-түні маза бермеген ер адам ақыры сотталып тынды
19.08.2026, 16:50
«Жүрегің ауырады»: Бас мүфти Жамбыл облысындағы жас келіншектің өлімінен кейін мәлімдеме жасады
20.08.2026, 00:16
Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: 20 тамызда дауылды ескерту жарияланды