$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда сұйытылған газдың шекті бағасы жыл соңына дейін сақталады

Экономика министрлігінің тиісті бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды

Қазақстанда сұйытылған газдың шекті бағасы жыл соңына дейін сақталады
Фото: Pixabay

Энергетика министрлігі ішкі нарыққа биржадан тыс жеткізілетін сұйытылған мұнай газының көтерме саудасындағы баға шегін ұзарту бастамасын көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның тиісті бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жобада 2025 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың шекті бағасын ҚҚС-сыз тоннасына 51 932 теңге деңгейінде сақтау ұсынылады. Бұл баға осы жылдың қаңтар айында қабылданған және 30 маусымда мерзімі аяқталатын бес айлық бұйрықта белгіленген еді.

«Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағымсыз салдарға әкелмейді», – деп көрсетілген бұйрықтың түсіндірме жазбасында.

Құжат жобасына арналған қоғамдық талқылау мерзімі биыл 24 маусымда аяқталады. Егер бұйрық бекітілсе, ол 2025 жылдың соңына дейін күшінде болады.

Серіктес жаңалықтары