12.06.2020, 00:23
Жаңалықтар
Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 500 мыңнан асты
Мұнда COVID-19 инфекциясынан бір тәулікте 174 адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден
Ресейде бір тәулікте 8 779 адамнан коронавирус анықталып, 174 науқас көз жұмды. Осылайша мұнда инфекция жұқтырғандар саны 500 мыңнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
«Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 417 мыңға жуықтап қалды. Ал АҚШ-та 2 миллионнан астам адамнан COVID-19 анықталды. Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында тұр», - деп жазады басылым.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
