ШҚО-да ірі кәсіпорыннан 380 мың тонна прекурсор тәркіленді
Қазақстанда есірткі айналымын бақылауға бағытталған іс-шараның екінші кезеңі өтті
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Заң және тәртіп» қағидаты аясында есірткі және психотроптық заттардың заңды айналымын бақылауды күшейту бойынша жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылғы 9-13 маусым аралығында елімізде «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өтті.
Қандай нәтижелер тіркелді?
-
709 нысан тексерілді:
- Оның ішінде 577 медициналық мекеме
- 132 өндірістік кәсіпорын
- 237 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды
- 23 мың ампула және 6 мың таблетка (есірткілік және психотроптық заттар бар) тәркіленді
- 135 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жинақталып, аумақтық фармацевтикалық бақылау комитеттеріне жолданды
- 380 мың тонна прекурсордың айналымы шектеліп, 70 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
- 20 есірткіге қатысты қылмыстық құқықбұзушылық анықталды
Түркістан облысында – қылмыстық топ әшкереленді
Түркістан облысында медицина қызметкерлерінен құралған ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Олар ұзақ уақыт бойы «трамадол» препаратын алуға арналған жалған рецептер жасап келген. Барлық тұлғалар ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО мен Ақмола облысында да заңбұзушылықтар тіркелді
-
Шығыс Қазақстан облысында прекурсорларды импорттап-экспорттайтын ірі кәсіпорынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 380 мың тонна прекурсор тәркіленді.
- Ақмола облысында құрамында есірткі бар дәріні заңсыз сатқан 2003 жылы туған Көкшетау тұрғыны ұсталды.
ІІМ ескертуі
ІІМ есірткі және прекурсорлармен заңды айналысатын барлық заңды тұлғаларды сақтау, тасымалдау, пайдалану және өткізу ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бұл талаптарды бұзу әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілікке алып келеді, — деп ескертті ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.