$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында жемқорлар жымқырған ақшаға амбулатория салынды

Ал ескі нысан 1959 жылы салынған

Жамбыл облысында жемқорлар жымқырған ақшаға амбулатория салынды
Фото: Бас прокуратура

Жамбыл облысында жемқорлардан қайтарылған активтер есебінен жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қордай ауданының Үлкен-Сұлутөр ауылында жаңа медицина нысаны пайдалануға берілді.

2025 жылғы 17 маусымда, Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Қордай ауданына қарасты Үлкен-Сұлутөр ауылында ашылған жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуына қатысты.

Нысан – қайтарылған активтер есебінен салынған. Амбулатория – ел бойынша бағдарлама аясында ашылған алғашқы нысандардың бірі

Бұрынғы ғимарат 1959 жылы салынған болатын

Ауыл тұрғындарына бұған дейін 1959 жылы салынған ескі ғимаратта медициналық көмек көрсетіліп келген. Жаңа амбулатория бұл олқылықтың орнын толтырып, заманауи әрі жайлы медициналық орта қалыптастырады.

1500-ден астам тұрғын енді ауылда-ақ ем қабылдай алады

Үлкен-Сұлутөр ауылы аудан орталығынан алыста орналасқан. Енді жергілікті 1500-ден астам тұрғын ауданға бармай-ақ ауыл ішінде медициналық қызметтерді ала алады.

Заманауи жабдықталған медициналық пункт

Амбулатория келесі бөлімдермен жабдықталған:

  • Алғашқы дәрігерлік және дәрігерге дейінгі көмек көрсету кабинеттері;
  • Физиотерапия, оңалту (реабилитация) және ЭКГ кабинеттері;
  • Заманауи медициналық құрал-жабдықтар толық орнатылған.

Жалпы алғанда, Жамбыл облысында 19 ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау нысанының құрылысы дәл осы қайтарылған қаражат есебінен қаржыландырылуда. Бұл — әлеуметтік әділдік пен инфрақұрылымдық теңсіздікті жою бағытындағы нақты қадам.

«Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бағытындағы жұмыс ауылдарды медициналық көмекпен қамтамасыз етудің нақты нәтижесін беріп отыр», – дейді облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров.

Серіктес жаңалықтары