$ 542.29  629.54  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мадина Сәдуақасова 11 жастағы ұлының туған күніне пәтер сыйлады (ВИДЕО)

Жаңа баспана ұлының мектебіне қарама-қарсы бетте орналасқан

Мадина Сәдуақасова 11 жастағы ұлының туған күніне пәтер сыйлады (ВИДЕО)
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова ұлының 11 жасқа толған туған күніне арнап пәтер сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің айтуынша, ұлының баспанасы мектебіне қарама-қарсы бетте орналасқан.

«Балаға пәтер сыйласаң оның өміріндегі 10 жылын жеңілдетесің дейді ғой. Ал біз тура мектебіне қарама қарсы үйде пәтер алып өзіміздің өмірімізді жеңілдеттік. Енді тек жолдан өте саламыз, Алматының кептелісінде сағаттап тұрмаймыз, сосын өзімізге ыңғайлап жөндеу жасап жатырмыз.

Үйдің жөндеу жұмысы әлі жүріп жатыр, бұйырса 1 қыркүйек күні мектепке осы үйден қатынаймыз. Әзірше Әнуардың өз бөлмесі 90% дайын», - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Айта кетейік, осыған дейін Мадина Сәдуақасова 20 жыл бұрын «Сүйген жүрек» әнінің бейнебаянына бірге түскен ер адаммен тосыннан жолыққаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары