18.06.2025, 06:43
Жаңалықтар
Алакөлде серфингпен жүзіп жүрген екі адам аударылып, суға кетіп қала жаздады
Қатты толқын салдарынан жағалауға жете алмай қалған
Фото: ҚР ТЖМ
Абай облысына қарасты Мақаншы ауданындағы Алакөл көлінде екі адам қатты толқын кезінде серфинг тақтасымен бірге аударылып, өз бетінше жағалауға шыға алмаған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушы дер кезінде көмекке келді
2005 және 2006 жылы туған екі адам толқынның күшімен су ортасында қалып қойған. Жағдай туралы хабар түскен соң, құтқарушы гидроциклмен дереу оқиға орнына жетіп, екеуін су ішінен шығарып, жағаға аман-есен алып шықты.
«Медициналық көмек қажет болған жоқ», – деп мәлімдеді ТЖМ.
Ел бойынша шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар
ТЖМ мәліметінше, Қазақстанда 698 ресми шомылу орны тіркелген. Оның ішінде:
- 458 жеке меншік жағажай;
- 227 коммуналдық жағажай;
- 13 туристік және спорттық нысан.
Сонымен қатар, тағы 84 жаңа шомылу орнын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыз:
- Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз;
- Қайықпен, катамаранмен немесе SUP-тақтамен серуендегенде құтқару жилетін киіңіз;
- Ауа райы мен желдің жағдайына назар аударыңыз.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
02.01.2026, 13:59
Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 60 адам эвакуацияланды
02.01.2026, 11:42
Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
02.01.2026, 12:22
5 қаңтарда Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты жарық көреді
02.01.2026, 13:29
2026 жылы Қазақстанға 1,8 мыңнан астам вагон мен локомотив жеткізіледі
02.01.2026, 16:47
Қазақстанда 2026 жылдан бастап балалар лагерлері лицензияланады
02.01.2026, 17:54
Қазақстанда 2,1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды