$ 539.38  629.46  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шерзаттың өліміне ұлымның қатысы жоқ: Нұрқияс Ілиясовтің әкесі дау шығарды (ВИДЕО)

Нұрқияс Ілиясов сот үкімімен 9 жылға сотталып кетті

Талғардағы атышулы оқиға бойынша Шерзат Полаттың өліміне кінәлілердің бірі – Нұрқияс Ілиясовтің әкесі Төлетбек Ілиясов сот үкімі дұрыс берілмегенін, апелляцияға беретінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айтуынша марқұм Шерзат Полатты өлтірген адам сол түнгі жігіттердің ешқайсысы емес.

«Жігіттердің арасында Шерзатты өлтірген адам жоқ болып тұр. Ал олар осыны мойнына алып отыр. Менің ойым осы.

Апелляцияға береміз. Өте ауыр болып тұр. 9 жыл берді. 9 жыл деген оңай емес. 5-6 жыл берсе болар еді. Өзімнің ойым. Сотталмасын демеймін. Бірақ 9 жыл өте ауыр болып тұр», - дейді Төлетбек Ілиясов.

Айта кетейік, сот үкімі бойынша Шерзат Полаттың өліміне күдіктілер 7 жылдан 23 жылға дейінгі аралықта сотталды.

Қылмыстық істің басты фигуранты  Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша кінәлі деп танылып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • Равиль Сакиев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бап 2-бөлігі, 24-бап 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға сотталды.
  • Азамат Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), қосымша 188-бап (ұрлық) бойынша бұрынғы соттылықтарын ескере отырып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрқиас Ілиясов – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), бұрынғы соттылығына байланысты 9 жылға сотталды.
  • Шыңғыс Белғожаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.
  • Дархан Әскентай – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрбол Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.
  • Дидар Қалиахмет – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Дидар Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 айға сотталды.
Серіктес жаңалықтары