17.06.2025, 04:14
Жаңалықтар
Шпаргалка мен смартфонсыз өткен жоқ: ҰБТ-да жүздеген тәртіп бұзушылық тіркелді
Талапкерлердің басым бөлігі тестті қазақ тілінде тапсырған
Фото: testcenter.kz
Биыл 16 мамырда басталған негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу аясында бүгінге дейін 214 мыңға жуық тестілеу өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
- Талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде;
- 26%-ы орыс тілінде;
- 182 адам ағылшын тілінде тест.
Орташа балл – 66, ең жоғары нәтиже – 140 балл
ҰБТ-ның алғашқы төрт аптасында:
- Орташа балл 66 болды.
- Талапкерлердің 70%-ы шекті балды жинады.
- Ең жоғары балл – 140. Ол Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібекке тиесілі. Ол бұл нәтижеге алғашқы аптада қол жеткізді.
Ең танымал пән комбинациялары
Қатысушылар арасында келесі комбинациялар кеңінен таңдалған:
- 18% – «Математика-Физика»;
- 15% – «Биология-Химия»;
- 14% – «Шығармашылық емтихан».
Ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлер
Ерекше білім беру қажеттілігі бар 592 талапкер үшін арнайы жағдай жасалып, олар да тестілеуге толыққанды қатысқан.
Ереже бұзушылар саны – 304
Төрт апта ішінде:
- 146 адам тыйым салынған затпен (смартфон, шпаргалка) кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді;
- 157 адам тестілеу кезінде тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды;
- 1 адамның нәтижесі тест жазбасын қарап шыққаннан кейін жойылды;
- Басқа адамның орнына кіру дерегі тіркелмеген.
Апелляция және бейнежазба тексерісі
-
Тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляция беруге болады.
- Техникалық ақаулар болған жағдайда апелляция тест кезінде қабылданады.
- Нәтиже сертификаттары – жеке кабинетте апелляциядан кейін қолжетімді болады.
- Тест нәтижелеріне әсер етуі мүмкін бейнежазбалар 31 қазанға дейін тексеріледі.
ҰБТ-ға қатысуға 399 мыңға жуық өтініш келіп түсті
Биылғы жылы ҰБТ-ға қатысу үшін:
- 216 мың талапкер;
- Барлығы 399 мың өтініш берген.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады