Алайда Ермахан Ыбрайымов әншінің әзілін оң қабылдаған
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов екеуінің арасындағы «махаббат хикаясы» туралы айтып, той қонақтарын ду күлдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ереке, сізбен өмірімде араласпаған адаммын ғой. Бірақ екеуміз туралы не жазғанын білесіз бе? Оқыдыңыз ба? Сол күні қылқынып қала жаздадым ғой. Сіз екеуміз жүреді екенбіз. Сіздің маған деген махаббатыңыз зор екен. Сондай бір әңгімені ютубқа салып қойған ғой, оңбағандар», - дейді әнші.
Желіде жарияланған видеодан Ермахан Ыбрайымовтың «оқыдым, оқыдым» деп ыңғайсызданып қалғанын көруге болады, бірақ әншінің әзілін оң қабылдаған.
Еске сала кетейік, Мақпал Жүнісова мен Ермахан Ыбрайымов әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына қатысқан болатын.
Әнші үйлену тойына қызы Мерейді ырымдап алып барғанын айтты.
«Мерей екеуміз тойдан келдік. Мерейге осындай гүл шоқтарын Сәкеннің жары Динара апайы сыйлады. Бірінші рет тойға апарып тұрмын. Ылғи шақырады, Мерей ұялып бармайды. Осы жолы алып бардым. Саған жұғысты болсын деп, ырымдап алып бардым», - деді Мақпал Жүнісова.
Ал Ермахан Ыбрайымов тойда ерекше биімен қонақтарды таңғалдырды. Желіде тарап кеткен видеода спортшы ортаға шығып, ынта-шынтасымен, бар өнерін салып билеп жатқанын көруге болады. Ал жиналған жұрт «Давай, Ереке, давай!» деп оған қолдау білдірген. Желі қолданушылары егде тартқан спортшының ширақ қимылына тәнті болды.