«Сәкеннің жары сыйлады»: Мақпал Жүнісова тойға қызын не үшін ертіп барғанын айтты
Әнші тойдан кейін видео жариялап, қызына ақжарма тілегін арнады

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойына қызын ырымдап алып барғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша Мерей анасымен бірге алғаш рет тойға барған. Әнші тойдан кейін видео жариялап, қызына ақжарма тілегін арнады.
«Мерей екеуміз тойдан келдік. Мерейге осындай гүл шоқтарын Сәкеннің жары Динара апайы сыйлады. Бірінші рет тойға апарып тұрмын. Ылғи шақырады, Мерей ұялып бармайды. Осы жолы алып бардым. Саған жұғысты болсын деп, ырымдап алып бардым», - де»ді Мақпал Жүнісова.
Ол Алла Тағаладан қызына жақсы азамат кездестіріп, бақытты етуін сұрады.
«Апаң да, әжең де, туысқандарың да – бәріміз күтіп отырмыз. Иә, асықтырмаймыз енді. Қыз деген жат жұрттық қой. Бірақ ерте ме, кеш пе, баратын жерлерің сол ғой. Осы жастар сияқты сен де бақытты болуға лайықсың, жаным. Менімен бірге барғаныңа көп-көп рақмет», - деп түйіндеді әртіс.
Еске сала кетейік, әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын ақылы түрде көрсетуге шешім қабылдады. Той кеше өтті.
Сәкен Майғазиев ұлының тойын онлайн көруді неліктен ақылы еткенін журналст Анна Данченко түсіндірді. Оның сөзінше, жиналған қаражатты той иелері отбасына жұмсамайды, сервер мен операторлардың жұмысының ақысын төлейді.