Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады: дабылды ескерту жарияланды
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанып отыр

Синоптиктер 13 маусымда елорда мен еліміздің 17 облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, батыста, солтүстікте, оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыста, солтүстікте, шығыста найзағай ойнайды, батыста бұршақ жаууы мүмкін. Батыста түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз батыста, солтүстікте, шығыста оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Батыста және солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстік-батысында түнде және күндіз найзағай ойнайды, батыста және солтүстікте бұршақ жауады. Батыста түнде тұман түседі. Күндіз шығыста, оңтүстікте оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең батыста, орталықта тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз оңтүстікте екпіні 15 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнайды, күндіз батыста, солтүстікте, шығыста найзағай ойнайды. Түнде және таңертең шығыста тұман түседі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Солтүстікте, орталықта, оңтүстікте жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысында күндіз 37 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел, күндіз солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде, солтүстікте, батыста жоғары өрт қаупі сақталады, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнайды. Күндіз облыста 35-38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жоғары, төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Облыстың таулы асуларында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысында күндіз ауа температурасы +30+35°С-тан +35+40°C дейін көтеріледі. Температураның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстікте, оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді. Таразда кей жерлерде найзағай ойнайды.
Қызылорда облысында аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында түнде найзағай ойнайды, күндіз солтүстікте, батыста найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с. Орталықта жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, батыста өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнап, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Облыста күндіз 35-36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Шығыста, орталықта жоғары өрт қаупі, солтүстік пен оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі бар. Оралда күндіз найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі бар.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 35-36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Солтүстік-батыста, орталықта, шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.