Ұшақта терезе жақта отыру қауіпті болып шықты
Терезеден қарауды ұнататын адамдар ультракүлгін сәулені көбірек өткізуі мүмкін

Ұшақ жолаушылары терезе жақта отырғанды жөн көреді, бірақ көбісі бұл орынның қандай қауіп төндіретінін білмейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Daily Express басылымына сілтеме жасап.
Дерматологтардың айтуынша жоғары биіктікте күн әлдеқайда қатты жарық шашады, сондықтан жолаушылар, тіпті ұшақ ішінде болса да, әсіресе терезенің жанында отырса, күшті ультракүлгін сәулені қабылдайды.
«Сондықтан терезенің жанында отырған жолаушылар күннен қорғайтын крем жағуы керек», - дейді мамандар.
Сонымен бірге Филадельфиядағы Томас Джефферсон университеті ауруханасының дерматология кафедрасының доценті доктор Элизабет Джонс ара-тұра ұшатындар үшін «шынайы қауіп» аз екенін атап өтіп, жолаушыларды жұбатты.
Бірақ жұмыспен ұшатын және терезеден қарауды ұнататын адамдар ультракүлгін сәулені көбірек өткізуі мүмкін.
Айта кетері, Қазақстанда тері ауруларына шалдыққандар көбейген. Бұл дерттің түрі көп. Кейбірі түбегейлі емделмейді.
«Денеге шыққан бөртпеге бей-жай қарауға болмайды. Себебі тері қатерлі ісігі жаһандық проблемалардың біріне айналған», - дейді жоғары санаттағы дерматовенеролог Гүлнәр Батпенова.
Оның айтуынша, бүгінде Псариаз ауруы жасарып барады. Бұрын тек ересек адамдарда кездесетін. Қазір жасқа толмаған балалар да осы тері ауруына жиі шалдығады екен.