Тоқаев лотерея туралы заңға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Ақорда сайты хабарлағандай, бүгін Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды. Атап айтқанда:

«Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Оқи отырыңыз: Инста-лотерея: кім, қалай және қашан жазаланады