10.06.2020, 13:44
Жаңалықтар
Жеке тұлғалардың 1 сәуірге дейінгі салықтағы қарызы кешіріледі – жаңа амнистия
Бірақ жеке тұлға қарыздың негізгі сомасын өтеуі керек
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан жеке тұлғалар үшін жаңа салық амнистиясын жасамақ. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Салық кодексіне көзделіп отырған өзгерістер мен толықтыруларды таныстырған Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Альберт Рау мәлім етті.
Альберт Рау хабарлағандай, 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, жеке тұлғалар салығының негізгі сомасына қосылған пайызды кешіру көзделіп отыр.
«Амнистияға іліну үшін олар 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жер, мүлік және көлік салығының негізгі сомасын түгел төлеуі керек», - дейді Рау.
Сондай-ақ, заң жобасы еліміздегі компанияларға салық жеңілдігін ұсынып, сол арқылы отандық бизнестің дамуына серпін бермек.
Мәжіліс заң жобасын екі оқылымда да бірден мақұлдады.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды