$ 519.55  596.03  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Испанияда өмір сүруді армандаған астаналық әйел 20 млн теңгесінен айырылып қалды

Ол АҚШ-қа да виза аламын деп ойлаған

Испанияда өмір сүруді армандаған астаналық әйел 20 млн теңгесінен айырылып қалды
Фото: istockphoto.com

Астанада жергілікті тұрғын шетелге құжат рәсімдеуге көмектесемін деген уәдеге сеніп, 20 миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалай алданып қалды?

Жәбірленуші әйел полицияға арыз жазып, АҚШ-қа мультивиза мен Испаниядан ықтиярхат алып беремін деген адамға сеніп, 20 млн теңге бергенін айтқан.

Күдіктінің кім екені анықталды

«Күдікті – Астанада тұратын 35 жастағы әйел. Ол консалтингтік компанияда атқарушы директор болып жұмыс істейді. Компания шетелге қысқа және ұзақ мерзімді визалар, сонымен қатар ықтиярхат рәсімдеуге көмектесумен айналысады», – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақша туыстары мен қызметкерлердің шотына аударылған

Тергеу барысында анықталғандай:

Күдікті әйел клиенттерге компания шоттарының жеке сот орындаушылар тарапынан бұғатталғанын айтып,төлемдерді өзінің туыстары мен қызметкерлерінің шоттарына аударуды ұсынған.

Тергеу жалғасып жатыр

Қазір бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер өзге де зардап шеккен азаматтар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Серіктес жаңалықтары