$ 512.44  593.15  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«50 мың тонна лай шөгіп қалған»: Астана су қоймасы 55 жылдан соң алғаш рет тазартылып жатыр

Кешенді тазарту жұмысын «Қазсушар» Ақмола облысындағы филиалы жүргізіп жатыр

«50 мың тонна лай шөгіп қалған»: Астана су қоймасы 55 жылдан соң алғаш рет тазартылып жатыр

Астана су қоймасының түбін шөгінділерден тазарту жұмысы басталды. Жобаны жүзеге асыруға «Қазсушар» РМК-ның Ақмола облысындағы филиалы жауапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заманауи техника: сағатына 2900 текше метрге дейін тазарту қуаты

Су қоймасын тазартуға екі арнайы техника тартылды:

  • Сағатына 2000 м³ түрлі шөгінділерді тазартатын ірі жерснаряд;
  • Сағатына 900 м³ қуаты бар, өздігінен қозғалатын шағын көпфункционалды жерснаряд.

50 мың тонна лай шығарылады: жұмыс 13 жылға жоспарланған

2025 жылдың қазан айына дейін:

  • 50 000 тонна лай су қоймасынан шығарылады;
  • Бұл жұмыс жыл сайын қайталанып, 13 жыл бойы жалғасады.

Су қоймасының сыйымдылығы 47 млн текше метрге артады

Кешенді тазарту нәтижесінде:

  • Астана су қоймасының сыйымдылығы едәуір артады;
  • Елорда тұрғындарын сумен қамтамасыз ету жақсарады.

Су қоймасы алғаш рет тазартылып отыр

Астана су қоймасы 1970 жылы салынған және бұл – алғашқы ірі тазарту жұмысы. Тазарту жұмысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша тазартылып жатыр.

Министр: «Бұл – стратегиялық маңызы бар жоба»

«Президенттің тапсырмасын орындау үшін арнайы мамандар тобы құрылды. Барлық қызметкерлер қажетті оқу мен дайындықтан өтті. Астана су қоймасы – елорданың су қауіпсіздігі үшін маңызды нысан. Заманауи техниканың арқасында бұл жұмысты сапалы атқарамыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Серіктес жаңалықтары