$ 541.45  631.17  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қыз баланың жағдайы қандай

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тың мәлімет жариялады

Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қыз баланың жағдайы қандай
Фото: Видеодан скрин

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанада автобус апатында аяғынан айырылған бүлдіршінге қатысты тың ақпарат жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Динара Зәкиева 8 жасар қыз баланың қазіргі жай-күйі туралы айтты.

«Алуаның жағдайын біліп қайттым. Анасымен оңалту, протездеу мәселесін талқыладық. Бүлдіршінмен әңгімелестім, бірге кітап оқыдық. Ол аздап пицца жеді, бірақ үнемі көтеріп жүргенді, далаға шыққанды қалайды.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Отбасының алдағы өміріне қатысты барлық мәселені мұқият талқылап жатыр. Біз байланыстамыз», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, Астанада 2 маусым күні жолаушылар автобусы Республика даңғылымен келе жатып, жол жиегіндегі бағанаға соғылған. Жол апаты салдарынан 15 адам ауруханаға түскен, оның ішінде алтауы – бала. Ауыр жарақат алған сегіз жасар қыз бала екі бірдей аяғынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары