$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қырғызстанда Лениннің алып ескерткіші алынып тасталды

Ленин ескерткіші 1975 жылы орнатылған

Қырғызстанда Лениннің алып ескерткіші алынып тасталды
Фото: Akipress

Қырғызстанның Ош қаласындағы орталық алаңда Владимир Лениннің ескерткіші ресми түрде алынып тасталды. Әлеуметтік желіде жерге ескерткіштің фотолары тарады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі 24.kg-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ескерткішті алып тастау туралы шешімді кім қабылдады?

Мәліметтерге сүйенсек, бұл шешімді Ош қаласының әкімдігі қабылдаған. Бүгін, 7 маусым күні тарихи мүсін арнайы техникамен орнынан алынып, алаңнан әкетілді.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Ескерткіш туралы не белгілі?

Оштағы Ленин ескерткіші 1975 жылы орнатылған және ол Орталық Азиядағы ең биік мүсіндердің бірі болған. Оның салмағы – 7,5 тонна. Ескерткіш ондаған жылдар бойы қаланың басты символдарының бірі саналып келді.

Айта кетейік, Павлодарда бір ғасырға жуық уақыт бұрын орнатылған Лениннің ескерткіші қирап қалғаны хабарланған болатын

Серіктес жаңалықтары