«Мәскеу, рахмет»: Қайрат Нұртастың Ресейдегі концерті аншлагпен өтті (ВИДЕО)
Әнші Ресей астанасындағы тыңдармандарына алғысын жеткізді

Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас Мәскеуде жеке концерт беріп, толы зал жинады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында видео жариялап, «Мәскеу, рахмет!» деп қысқа ғана жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәскеулік тыңдармандар әншіні ыстық ықыласпен қарсы алды
Жарияланған видеодан көрермендердің концерт залына лық толғанын көруге болады. Тыңдармандар Қайраттың әрбір әнін бірге айтып, қолдау білдіріп отырды. Әнші де әр репертуарын жан-тәнімен орындап, шынайы эмоция сыйлады.
Желі қолданушылары пікір қалдырып, жылы лебіздерін жеткізді:
- «Нағыз аңыз!»
- «Қайрат Нұртас – ең үздік әнші!»
- «Дауысы керемет, Мәскеу сізді жақсы көреді!»
Қайрат Нұртастың жанұясы қуанышты жаңалығын бөлісті
Бұған дейін Қайраттың жары – актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлаған. Ол әлеуметтік желіде жеке өміріндегі өзгерістер туралы жазып, жақсылықтың нышаны ретінде қабылдағанын жеткізді.
Қайрат Нұртас биімен тағы да сынға қалды. Әншінің желіге жариялаған жаңа видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Жақында Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлын ресейлік продюсерлер жұмысқа шақырғанын айтты. Ал Өзбекстанда өткен концертте қарт кісі Қайрат Нұртасқа 2017 жылы берген уәдесін орындамағанын айтып, болған оқиғаны еске салды. Анасы Гүлзира Айдарбекова ұлымен түскен видеосын жариялады. Онда продюсердің орындықта отырған ұлының артынан келіп, мойнынан құшақтағаны көрінеді. Видео астына ол жұмыстарын да бітіріп, демалып та үлгергенін жазған.
Қайрат пен Жұлдыз
Айта кету керек, Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімова – шоу-бизнестегі көп талқыланатын жұптардың бірі. Мысалы, жақында Қайрат Нұртас мұңды әніне секіріп билеймін деп сынға қалған еді. Сонымен қатар ол концертіне келген тыңдармандарының арасынан бойжеткен қыздарды іздеп көзге түскен болатын. Ал одан бұрын жұбайын туған күнімен құттықтаған әнші Қайрат Нұртасқа жұрт ақылын айтты.
Сондай-ақ әншінің әйелі де халықтың сынына жиі ұшырайды. Жуырда Қайрат Нұртастың әйелі қысқа киінемін деп сынға қалған еді. Актриса желідегі парақшасында қысқа белдемше киіп, гүл көтеріп жүрген видеосын жариялаған болатын. Одан бұрын актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялап, жұртты ойға қалдырды.