Маск пен Трамп арасындағы жанжал екеуіне қанша шығын келтірді
Жанжалдың салдары екі тарапқа да ауыр тиді

Илон Маск пен Дональд Трамптың арасындағы ашық жанжалдың салдары екі тарапқа да ауыр тиді. Жағдай нарықтарға әсер етіп, екі ықпалды тұлға миллиардтаған доллардан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Трамп бір күнде 1,1 миллиард доллар жоғалтты
Trump Media and Technology Group компаниясының акциялары 8 пайызға құлдыраған. Бұл Трампқа шамамен 202 миллион доллар шығын әкелген. Бұған қоса, оның атынан шығарылған TRUMP токенінің 10 пайызға арзандауы 900 миллион доллар көлемінде шығынға себеп болды.
Маск 34 миллиард долларынан айырылды
Bloomberg агенттігінің дерегінше, Tesla акциялары 14 пайызға төмендеп, Илон Масктың бір күндегі шығыны 34 миллиард долларды құрады. Инвесторлар Масктың мәлімдемесі мен саяси ұстанымдарына алаңдаушылық білдіріп, жаппай акция сата бастаған.
Қақтығыстың себебі неде?
Дауға себеп болған — Трамп ұсынған федералдық шығындарды қысқарту туралы заң жобасы. Маск бұл құжатты «жиіркенішті заң» деп атап, әлеуметтік желіде оны «жоюды» талап етті. Бұған жауап ретінде Трамп Илон Маскқа реніш білдіріп, «оған көп көмектестім» деген пікір айтты.
Маск та қалыс қалмай, Трамптың президенттік жеңісіне өзінің қолдауы себеп болғанын, сондай-ақ республикалық партияның Конгресстегі жетістігіне үлес қосқанын еске салды.
Нарық қалай жауап берді?
- Инвесторлар арасында тұрақсыздық туындады
- Маск пен Трамптың активтерін жаппай сата бастады
- Бұл қақтығыс АҚШ бизнес-ортадағы сенімге нұқсан келтірді.
Reuters хабарлауынша, Илон Маск енді АҚШ әкімшілігінің құрамына кірмейді. Бұл шешім жоғары деңгейде қабылданғаны айтылды.