$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада заңсыз салынған тұрғын үй кешені мәжбүрлеп бұзылып жатыр

Үлескерлерге ескерту берілді

Астанада заңсыз салынған тұрғын үй кешені мәжбүрлеп бұзылып жатыр
Фото: Астана әкімдігі

Астанада заңсыз басталған тұрғын үй кешенінің құрылысы сот шешімімен бұзылуда. Бұл шара елордада рұқсатсыз және талаптарға сай келмейтін құрылыс жұмыстарын болдырмауға бағытталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Не болды?

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы Астана қаласының прокуратурасымен бірлесе отырып, «Mardan» тұрғын үй кешенінің («Asyl-Nur Qurylys» ЖШС) заңсыз салынғанын анықтады. Тексеру барысында бұл нысан Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқаны белгілі болды.

Қандай шара қолданылды?

Елорда әкімдігінің мәліметінше, құрылыс компаниясына әкімшілік айыппұл салынып, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Бірақ талап орындалмағандықтан, сот шешімімен нысанды бұзу туралы үкім шықты. Қазіргі таңда бұл шешімді орындау үшін Астана қаласы Әділет департаменті нысанды мәжбүрлеп бұзу жұмысын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін не болған?

Бұған дейін де дәл осындай жолмен «QURMANGAZY» тұрғын үй кешені («Inter Stroy Astana» ЖШС) заңсыз салынғаны үшін бұзылған болатын. Бұл тәжірибе үлескерлер мен пәтер алушылар үшін нақты ескерту болып табылады: тұрғын үй кешенін таңдауда сақ болу қажет.

Үлескерлерге арналған онлайн қолдау: Құрылыстың заңдылығын қалай тексеруге болады?

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ азаматтарға арналған жасанды интеллект (AI) негізіндегі онлайн-орталықты іске қосты. Бұл чат-бот сізге келесі мүмкіндіктерді береді:

  • Құрылыс салушы компанияның заңдылығын тексеру;
  • Тұрғын үй кешенінің рұқсат құжаттарын білу;
  • БСН немесе нысан атауы арқылы мәлімет алу.

Толық ақпарат пен тексеру үшін өтіңіз: homeportal.kz

Серіктес жаңалықтары