Шерзат Полат ісі: қайғылы жағдай болған түні оқиғаның қалай өрбігені белгілі болды
Сотталушыларға қатысты үкім жарияланды

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Полатты өлтіру, Нұрқанат Ғайыпбаевты өлтіруге оқталу, бұзақылық, ұрлық және жасалған қылмыс туралы хабарламау айыптары бойынша 9 адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Оқиға қалай өрбіді
2024 жылдың 4 қазанында Дархат Әскентай мен Шерзат Полаттың арасында, соңғының әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты дөрекілік көрсету себебінің негізінде ерегіс орын алған. Нәтижесінде, Полат Әскентайдың бет тұсына бірнеше рет соққы жасаған.
Бұдан кейін Әскентай телефон арқылы өзінің досы – сотталушы Н.Тоқтаубаевты шақырады, ол дүкенге кәмелет жасқа толмаған Дидар Ысқақтың басқаруындағы машинамен келген. Тоқтаубаев келе салысымен өзінің танысы сотталушы Шыңғыс Белғожаевты шақырған.
Өз кезегінде, Нұрымов өзінің туған інісі Нұрқанат Ғайыпбаевты, ал оның ұлы Полат достары – С.-ны және кәмелет жасқа толмаған 2006 ж.т. М.-ны, 2008 ж.т. М.-ны және 2007 ж.т. М.-ны шақырған.
Арада 10-15 минут өткен соң оқиға орнына сотталушылар А.Тоқтаубаев, Н. Ильясов, Р. Сакиев, Ш.Белғожаев, А.Шынасыл, оданбасқа Д. Жақсыгелді мен Э.Нұрбекова келген. Бұлардан басқа, дүкеннің маңына Д. Қалиахмет, С.Абдықадыр мен Д. Мұратов та келген.
Әрі қарай, аталған адамдардың арасында орын алған ерегіс топтық төбелеске ұласқан. Кикілжің кезінде, Шынасыл кәмелет жасқа толмаған 2006 ж.т. М.-ның жақ тұсынан бір соққы жасайды (денсаулығына жеңіл зиян келтірілген), Сакиев Гаиповтың бетіне бір соққы жасайды. Калиахмет те Гаипбаевқа соққы жасауға әрекеттенген кезде, А.Тоқтаубаев пен Н.Ильясов Гаипбаевқа қарсы пышақтарымен қол бұлғайды. А.Тоқтаубаев Нұрымовтың желке тұсынан таспен ұрады, Шынасыл (Полаттың әжесі) Кадированы итеріп жібереді.
Төбелес кезінде Шынасыл кәмелет жасқа толмаған Полаттың кеуде тұсының сол жағына бір рет пышақ сұғып алады, ол кейін 2024 жылғы 11 қаңтардағы № 173 сараптаманың қорытындысына сәйкес, соңғының өліміне себеп болған.
Бұдан кейін, Шынасыл мен Сакиев Гаипбаевтың оң жақ жамбасының тұсына пышақпен сұғылмалы-кесілген жарақат келтіреді.
Ильясов Гаипбаевты мылтықтың діңімен ұрып тастайды, сондай-ақ Г.Бейшембиеваның оң жақ қолының тұсынан соққы жасайды (денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген).
Әскентай, Н. Тоқтаубаев, Белгожаев, Ильясов, Сакиев, Шынасыл топ болып Гаипбаев пен Полатқа қолдары және аяқтарымен соққылар жасап, жарақаттар келтірген (денсаулықтарына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген).
Бұдан басқа, А.Тоқтаубаев оқиға орнынан Гаипбаевтың ұялы телефонын ұрлаған. Шынасылдың пышақ сұғып алған әрекеттерінің салдарынан келтірілген жарақаттардың нәтижесінде Полат Талғар қаласының Орталық аудандық ауруханасында көз жұмған.
Қалған жәбірленушілердің денсаулықтарына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген. Кәмелет жасқа толмаған Ы., оқиға орнында бола тұра, болған жағдайларды бақылап отырған. Шынасылдың пышақтар мен қаруды сүртіп жатырқанын көрген.
Сотталушылардың кінәсі дәлелдемелердің жиынтығымен, яғни жәбірленушілердің жауаптарымен, куәлардың жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, бейнежазбалармен, заттай дәлелдемелермен бекиді.
Тараптардың ұстанымы
Прокурор сотталушыларды тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, оларға сәйкесінше мерзімдерге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Жәбірленушілер мен олардың өкілдерібарынша қатал жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушылар кінәларын жартылай мойындап, олардың іс-әрекеттерін жеңілірек қылмыс құрамына қайта саралауды сұрады.
Сот үкімі жарияланды
Айта кетейік, сот үкімі бойынша Шерзат Полатты өлтірген басты күдікті Абза Шынасыл 23 жылға сотталды.