$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда әлем чемпионатының жүлдегері министрліктен 700 мың теңге өндірді

Сотқа арыз беруші сыйақы алуға құқығы бар екенін білмеген

Павлодарда әлем чемпионатының жүлдегері министрліктен 700 мың теңге өндірді
Фото: pixabay

Павлодарда әлем чемпионатының күміс жүлдегері министрліктен 700 мың теңге өндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының мәліметінше 2019 жылдың қараша айында павлодарлық спортшы Сербия Республикасында өткен гір көтеруден әлем чемпионатында екінші орын алған.

«Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай сыйақылар беріледі, оларды Спорт министрлігі төлейді», - деп жазылған хабарламада.

Алайда арыз беруші сыйақы алуға құқығы бар екенін білмеген, ал министрлік төлемдерді уақытында төлемеген.

Министрлік ақшалай төлемді аудару туралы өтініш беру мерзімі өтіп кеткенін алға тартып, төлем беруден бас тартқан. Осыған байланысты спортшы сотқа жүгінді.

«Сот татуластыру рәсімін жүргізді, оның барысында судья алдын ала құқықтық пікірін білдірді, одан кейін тараптар татуласуға келісті, оның талаптары бойынша министрлік 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін тиісті төлемдерді төлеуге міндеттелді», - деп атап өтті сот.

Министрліктен түскен жауапқа сәйкес, спортшыға 700 мың  теңгеден астам сыйақы аударылған. Сот актісі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары