$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

36 градус ыстық: Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» сәрсенбі, 4 маусымға жасалған ауа райы болжамын ұсынды

36 градус ыстық: Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, бұршақ жауып, жел соғады, найзағай ойнайды, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Семей мен Өскеменде найзағай ойнайды.

Атырау қаласы мен Атырау облысында өрт қаупі жоғары болады.

Қарағандыда, Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Абай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы және Ұлытау облыстарында 36 градусқа дейін ыстық болады, өрт қаупі жоғары болады және жел күшейеді.

Қызылордада, Қызылорда облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, жел, шаңды дауыл тұрады, өрт қаупі өте жоғары.

Жезқазған, Тараз қалаларында, Жамбыл облысында екпіні 15-20 м/с жел соғады, өрт қаупі өте жоғары.

Петропавл, Қарағанды қалаларында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, тұман түсіп, жел соғады, өрт қаупі жоғары.  

Серіктес жаңалықтары