«Сатып жіберген»: Әнші Еркеш Хасен елге танымал досын ұялтты (ВИДЕО)
Қанай Еркеш Хасеннің әнін Дариға Бадықова рұқсатсыз сатып жіберген

Еркеш Хасеннің әнін досы Қанай рұқсатсыз сатып жіберген. Бұл туралы жас әнші Қызық times бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнді Бадықова сатып алған
Қанай әнді танымал актриса Дариға Бадықова сатып жіберген.
"Дариға Бадықова апайымыз бар ғой. Сол кісі Қанайға қоңырау шалған. 10 адам ән айтып тұрса да Қанайдың дауысын бірден танып қоясың ғой. Қанайға хабарласып, "мынау сенің әнің бе?" деп сұраған. Әнді мынау сатып жіберіпті. Маған айтпаған. Ютубта отырсам, әнім шығып тұр. Қанайға қоңырау соқсап, бұл да саспайды ғой: "иә, досым, хабарласты" дейді. Сосын бірдеңе беретін шығар деп күттім. Саған бірдеңе алып қалдым деп айта ма деп отырмын енді. Сатып жіберіп, ақшасын алып қойған. 50 пайыз ақшасын алайын десем, "ол ақшаны жұмсап қойдым" деді, - дейді Еркеш.
Желі қолданушыларының реакциясы
Желі қолданушыларының кейбірі Қанайдан бұл әрекеті орынсыз екенін айтса, енді бір бөлігі шынайы достардың арасында мұндай жағдайлардың болып тұратынын атап өткен.
«Қайтар ақшасын», «Еңбегін жеме», «Шыда досым, шыда», «Шынайы достардың қалтасы ортақ деген бар», «Қанай жақсы жігіт, шын мәнінде жүрегі таза, ақкөңіл жігіт», - деп жазды олар.