Ақмола облысында найзағай түсіп, әкесі мен 9 жастағы ұлы қаза тапты
Трагедия 1 маусым күні болды

Ақмола облысының Зеренді ауданында 1 маусым күні найзағай түсіп, 37 жастағы ер адам мен оның 9 жастағы ұлы көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Nayza Kokshe басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мал бағып жүргенде найзағай түскен
Қайғылы оқиға Ақадыр ауылына жақын жерде болған. Әкесі мен баласы мал бағып жүрген кезде қатты жаңбыр жауып, найзағай дәл солардың жанына түскен. Оқиға орнында екеуі де қайтыс болды.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Зеренді ауданының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған ұлының өліміне байланысты Қылмыстық кодекс аясында іс қозғалған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
«Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.