$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Баршаңызға жұғысты болсын»: Нұрлан Еспановтың отбасындағы қуаныштың видеосы тарады

Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тіледі

«Баршаңызға жұғысты болсын»: Нұрлан Еспановтың отбасындағы қуаныштың видеосы тарады
Фото: instagram.com/espanov_olzhas/

Белгілі әнші Нұрлан Еспановтың ұлы өзінің үйлену тойында түсірілген фотолар мен видеоларды әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олжас Еспанов шаңырақ көтерді

Таяуда Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов шаңырақ көтерген болатын. Көпшілік олардың түрі бір-біріне ұқсайтынын атап өткен.

«Ал той құтты болсын! Алланың қалауымен үлкен тойды өткізіп алдық! Барша құттықтап жатқан жандарға рахмет! Осындай той баршаңызға жұғысты болсын!», - деп жазды Олжас Еспанов Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп жатыр.

«Той құтты болсын. Той бәрімізге жұғысты болсын», «Өз келіншегіңіз сұлудың сұлуы екен, той құтты болсын», «Жастар бақытты болсын», - деп жазды олар.

Шетелдік қалыңдық

Бұған дейін Нұрлан Еспанов өнердегі әріптесі Жігер Ауыпбаевтың шетелдік «қалыңдығының» бетін ашқаннан кейінгі әсері туралы ой бөліскен еді.

Нұрлан Еспанов қалыңдықтың бетін ашу үшін неліктен үлкендер келмегені туралы ой пайда болғанын жасырмады.

«Жастар бақытты болсын, бір жастықта қартайсын деп сұхбат беріп қойдым. Бір шетінен ойладым, неліктен үлкендер жоқ деп. Ашып қалып, шынымен бе деп ойлап тұрмын ғой. Содан жаңа шыққан кезде ғана көрдім (ред. – қалыңдықты)», - дейді Нұрлан Еспанов.

Айта кетері, Жігер Ауыпбаевтың үйленгені туралы ақпарат желіге таралып кетті. Алайда көп ұзамай әншінің әріптестеріне пранк жасағаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары