$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада прокуратурасы тұрғындарға ескерту жасады

Жыл басынан бері вандалдарға 4,6 млн теңге айыппұл салынды

Астанада прокуратурасы тұрғындарға ескерту жасады
Фото: Астана прокуратурасы

Астана прокуратурасы қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасауға және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзуға болмайтынын, ол үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылғанын ескертті,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биыл 54 адам қамауға алынды

Қала прокуратурасының мәліметінше елордада жыл басынан бері бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін 80 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

«Жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 80 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 54 адам қамаққа алынды, 26 құқықбұзушыға жалпы сомасы 4,6 млн теңге айыппұл салынды», - деп жазылған хабарламада.

Лифт пен дүкенді қиратқан

Мысалы, ағымдағы жылдың 10 мамырында сағат 07.00-де «Женева» тұрғын үй кешенінің кіреберістерінің бірінде лифт конструкциясын қасақана зақымдап, аяғымен шыны есікті сындырған астаналық тұрғын 5 тәулікке қамауға алынды. Ол 40 мың теңгеге шығын келтірді.

Сондай-ақ 28 жастағы қала тұрғыны мас күйінде дүкеннің әйнек терезесін кірпішпен сындырған.

Ешкім жазасыз қалмайды

Прокуратура қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасау және қоғамдық тәртіпті, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылғанын ескертті.

Серіктес жаңалықтары