31.05.2025, 08:51
Жаңалықтар
Екібастұзда ер адам 9 қабатты үйдің шатырынан секіріп кетпек болды
Оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болды
Фото: Павлодар облысы ПД
Екібастұз полицейлері 9 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болды. Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері патрульдеу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, қаланың М.Әуезов көшесіндегі 9 қабатты үйдің төбесінде ер адамды байқады.
Осыдан кейін олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты.
Тәртіп сақшылары оны ұстап, қауіпсіз жерге шығарды. Қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды